Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінде күндердің төресі болған, қасиетті жұма күні ҚМДБ РАНТ мүшесі Қуаныш Тоқсанбайұлы Әбішев уағыз айтты. Мешіттің іші мен сыртына толған жамағатқа «Қажылық – бес парыздың бірі» атты тақырыпта насихат қылды. Мешітке жиналған көпшілік айтылған жұма уағызынан жақсы әсер әрі керекті мағлұматтар ала алды.
Алла Тағала Қасиетті Құранда былай дейді: «Алланың үйін зиярат етуге шамасы жететін әрбір адам үшін қажылыққа бару міндет...» («Әли-Имран» сүресі, 97-аят). Айтылған насихаттан кейін көпшілікпен жұма намазы оқылды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі