Меркі аудандық «Меркі ата» мешітініде Ғарифулла Қуанышбекұлының қатысуымен «Қазақтың ұлттық ойыны ләңгі тебу» ойыны бойынша жарыс өткізілді.
Ежелден ләңгіні жасауда қазақ халқы тиын немесе қорғасын пайдаланған. Сонымен бірге ләңгіні жасау үшін ешкінің жүнін алады. Арнайы құйылған қорғасын жүн ойыққа кигізіліп, түрлі тәсілмен бекітіледі. Ләңгі тебу ойына адамды ептілікке, икемділікке, тепе-теңдікті ұстауға, өз мақсатына жетуге, жеңіске деген құштарлыққа баулиды.
Сайыс барысында ләңгіні ең көп теуіп жоғары нәтижеге қол жеткізген жандарға мешіт ұжымы атынан сыйлықтар мен кітаптар табысталды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі