Жуалы: "Шақпақата" мешітіне ауыл жастары демеушілік көрсетті

Жуалы: "Шақпақата" мешітіне ауыл жастары демеушілік көрсетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Шақпақ ауылдық округіне қарасты Шақпақата ауылдық мешіті алаңы демеушілік арқылы асфальт төселіп, жасыл желек шырша қылқан жапырақты көшеттері мешіт бағына отырғызылды.

Осы іске мұрындық болған  мектепті бітіргендеріне 20 жыл болған ауыл жастары тазалық орны мешіт дәретханасына керекті құрал жабдықтарын, есіктерін және раковина орнатып, ыстық-суық  жүргізіп берді.  Асхана кіре беріс аула алдын тегістеп, цементтеп, мешіт бағына көшеттер отырғызып берді.

Мешіт молдасы Көпбосынұлы Пернебек ауыл жастарының игі істеріне ризашылығын білдіріп, отбасы-жанұяларына дұға тілеп батасын берді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: