Қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан діні – Ислам, шариғаттағы іс-амал мазһабы – ұлы имам Әбу Ханифаның мазһабы. Ал діни дүниетанымдық ұстанымы Исламның негізгі қайнар бұлақтары – Құран мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне негізделген Сүннет және жамағат жұрты, оның ішінде Әбу Мансұр әл-Матуридидің мектебі болып табылады.
Ханафи мазһабында шариғат ережесіне сай келген ғұрып шариғи дәлел ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыда ғалымдарымыз қасиетті Құранның «Ағраф» сүресі, 199-аятындағы: «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал», – деген аятты алға тартқан. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылмандар жақсы деп есептеген нәрсе Алланың алдында жақсы, мұсылмандар жаман деп көрген нәрсе Алланың алдында жаман», – деген (имам Ахмад).
Кездесу барысында ҚМДБ ның Жамбыл облысы бойынша Дін мен дәстүр бағытына жауапты Ғарифулла Қуанышбекұлы «Дін және дәстүр» тақырыбында аудан жастарына уағыз – насихат айтып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі