Меркі: Табиғат аясында бас қосу жасалды

Меркі: Табиғат аясында бас қосу жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

“Ислам және отбасы құндылығы жылы” аясында Жүніс молда мешіті әйел жамағаты табиғат аясында рухани демалыс өткізді. 2025 жылғы мамыр айының жайма-шуақ күндерінің бірінде Жүніс молда мешітінің әйел жамағаты тауға саяхат жасап, табиғат аясында бір күндік рухани әрі сергітетін демалыс өткізді. Бұл шараның басты мақсаты – жамағат арасындағы бауырмалдықты нығайту, бір-бірімен жақынырақ танысу және күнделікті күйбең тірліктен аз да болса бой сергіту болды.

Демалыс күні ертемен әйелдер жамағаты ұйымдасқан түрде табиғат аясындағы тыныш әрі көркем жерге бет алды. Жол бойы түрлі зікірлер, салауаттар айтылып, жүрекке жылу ұялатқан рухани ахуал орнады. Тауға жеткен соң, қатысушылар табиғаттың көркемдігін тамашалап, таза ауада тынығып, түрлі ойындар ойнап, көңілді уақыт өткізді.Шара барысында Құран оқылып, насихат айтылып, жамағатпен бірге дәм татылды. Сонымен қатар, әйел ұстаздардың ұйымдастыруымен рухани сұхбаттар жүргізіліп, отбасы, иман, сабыр және шүкірлік туралы маңызды тақырыптар қозғалды. Жамағат мүшелері өз ойларымен бөлісіп, жүректерге қуат сыйлаған әсерлі әңгімелер тыңдалды.Іс-шара соңында жамағат Аллаға шүкір айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай игі басқосулардың жиі өткізіліп тұруына ниет білдірді.

Бұл демалыс – әйел жамағаты үшін тек табиғат аясындағы серуен ғана емес, рухани жан-дүниені байытқан, бірлік пен ынтымақты арттырған ерекше күн болды. Жүніс молда мешітінің ұжымы алдағы уақытта да осындай игі істерді жалғастыруды жоспарлап отыр.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: