МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Әбдіқадір Сейтқали Мойынқұм ауданындағы дін қызметкерлеріне арнап пәтуа сағатын өткізді.

Арнайы ұйымдастырылған бұл шарада ұстаз шариғат үкімдері мен ҚМДБ бекіткен пәтуалар жайында кеңінен мағлұмат беріп, имамдар тарапынан жиі қойылатын діни сауалдарға нақты жауаптар ұсынды. Сонымен қатар, пәтуа беру әдебі, мәзһаб ұстанымы, шариғи үкімдерді дұрыс түсіндіру әдістері жан-жақты талқыланды.

Кездесу барысында имамдар өз тәжірибелерінен туындаған сұрақтарын қойып, ұстаздан нақты шариғи бағыт-бағдар алды.

Бұл жиын – имамдардың білімін арттырып, діни қызметте бірізділік пен нақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды рухани басқосу болды.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: