АҚСҮЙЕК АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

АҚСҮЙЕК АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданына қарасты Ақсүйек ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті. Ауқымды рухани шараға арнайы түрде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы қатысып, жамағатты құттықтады.

«Мешіт – рухани тәрбие мен ізгілікке бастайтын қасиетті орын. Бұл үй Алланың атымен бой көтеріп, елдің бірлігі мен ынтымағына қызмет ететін болады», – деді облыс бас имамы өз құттықтау сөзінде.

Салтанатты жиынға ауыл тұрғындары, дін қызметкерлері мен ардагерлер жиналды. Шара барысында Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Еспенбетов сөз сөйлеп, ауыл жамағатын қуанышымен құттықтады. Ауыл имамы облыс бас имамының қолдауына ризашылығын білдіріп, иығына шапан жапты.

Мешіттің лентасын облыс бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы мен ауылдың еңбек сіңірген қариясы бірлесе кесіп, жаңа рухани орталықтың есігін ашты.

Салтанатты жиыннан кейін жұма намазы оқылды. Жұмаға жиналған жамағатқа Асқар қажы Зәкіржанұлы уағыз айтып, бірлік пен имандылықтың маңызы, мешіттің қоғамдағы рөлі және мұсылманның рухани жауапкершілігі жөнінде тағылымды насихат айтты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: