Сүйінші сұрау – сүйкімді іс

Сүйінші сұрау – сүйкімді іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сүйінші сұрау - қазақтын тәрбиеге толы көнеден келе жатқан дәстурлерінін бірі. «Сүйінші», «сүйінші» деген сөзді қуанышты сәттерде көп естиміз. Бұл қорқытатын сөз емес, керісінше естігендерді шат-шадыман ететін сөз. Сүйінші жаналықты естіген-де сүйіншісіне ұнаткан затын беріп, сүйінші сұраушыны да үй иелері қуантатын болған. Сүйінші сұраған кісінің бетін қақпай, қуантатын болған. Жас нәрестенің дүниеге келу қай заманда болмасын ата-анасын, ата-әжесін, жануя мүшелерін, туған-туыстарын, нағашы журтын үлкен қуанышка бөлейді. Ерте заманда үйдің асыраушысы отбасы нәпәқасымен мал соңында аң аулап жүрген уақытта сәбиі өмірге келсе, куанышты хабарды жылдам жеткізу үшін ауыл азаматы ат ерттеп мініп, түзде жүрген әкенің алдынан шығып, жаңа туған нәрестеге сүйіншісін сұрайтын болған. Үстіндегі бағалы сауыт-сайманын, астындаты жүйрік атын сүйінші сұрап келгенге мырзалықпен сыйға тартып жіберген кездер кездескен екен. Сүйіншіге ат мінгізу, шапан кигізу - ертедегі ел дәстүрі болған. Сонша жерден ат терлетіп қуанышты хабар жеткізушінің еңбегін бағалау болса, сүйінші сұраудын ең маңызды тұсы нағыз жақындыктың белгісі болып есептеледі. Жақын адам бірінші больп сүйінші сұрайды. Міне, сүйінші екі жақты да қуанта түсетін дәстүр.

Сүйінші жақсылыкты нышаны больп табылады. Күні бүгінге дейін бул дәстүр жалғасын тауып келеді. Қуанышты хабар естісек, бір-бірімізден бірінші больп сүйінші сұрауға асығып тұратынымыз бар. Сүйінші - қуанышты жаңалықты бірінші болып жеткізгенге берілетін сый. Мәселен дүниеге сәби келсе, шаңыраққа келін түсіп жатса, ағайын-туыс, дос-жаранның бірі үлкен атақ-абыройға жетіп жатса, осындай қуанышы сәтін әуелі больп естіген кісі өзге жақындарынан асыға сүйінші сұрайды. Бұл қуаньшты белгісі. Сүйінші сұрау, сүйінші беру бұл арадағы қуаньшты хабардың тарауына, өзгелердің шаттанып қуануына жол ашады. Ал өзгенің қуанышын өз қуанышындай көру дінімізде игі, сауапты іс болып табылады.

 Құранда дүниеге келген нәресте үшін сүйінші сұрау көрінісі бар. Халқымыздың әу бастан сәби дуниеге келсе, ағайынға ат шаптырып, сүйінші сұрату осыдан алынған өнегелі іс десе болады. Алла Тағала Зәкәрия (ғ.с.) пайғамбарды сәбимен сүйіншілегені туралы былай дейді: «Ол михрабта намаз оқып тұрған сәтте оған періштелер: «Расында, Алла сені Яхиямен қуандырады», - деп дауыстады» («Әл Имран» сүресі, 39-аят). «Уа, Зәкәрия! Расында, сені Яхия атты бір ұлмен қуантамыз (сүйіншілейміз). Біз бұрын мұндай атты ешкімге коймаған едік» («Мәриям» сүресі, 7-аят). Қазақтын сүйінші сұрау дәстурінен де нағыз бауырмашылдықты сезінуге болады. Ағайынның арасында ынтымақ пен бірлік болса, ондай жерде әрдайым береке мен қуаныш бірге жүреді. Ағайынның қуанышын өз қуанышындай сезіну бұл мұсылмандыктын сипаты. Ардақты Пайғамбарымыз (оган Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылмандар бір-біріне бауыр-малдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалганы ұйкысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады», - деген (имам Бухари). Әбу Хурайрадан жеткен тағы бір риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне: «Бір-біріңе сый беріңдер, сүйіспеншіліктерің артады», - деп өсиет еткен (имам Бухари).

 Бауырмалдық қашан да жақсы іске жетелейді. Жақсы қарым-қатынас, ағайынның өзара мейірімі осыдан туады. Қуанышты сәтті бірге бөлісу, оған ортақ болу, жанында жүру дініміздің көркем амалы. Тағы бір хадисте: «Парыздардан кейінгі ең құнды амал - бір мұсылманды қуанту», - деп келеді. Бір адамның көнілін қалдыру қандай ауыр жара болса, бір мұсылманды қуан-ту ен улкен сый іспеттес. Бір мұсылманқа қуанышты сүйіншілеп жеткізу - адамнын дәрежесін кетере түседі. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бір мусылманды қуантқан адам мені қуантқан болады. Мені қуантқан адам Алла дәргейінде бір уәде алған болады. Алладан уәде алған адамға от ешкашан тиіспейді», - деп айтқан екен.

Дана халқымыз дініміздің құндылықтарын сақтау мақсатында тәрбиеге толы дәстурлерді қалыптастырып берген. Адамгершілік қасиеттер жас ұрпақ бойына бабалардың қалдырган ізгі жолымен, салт-дәстүрімен беріледі.

Джадраев Сұлтаншәріп қажы

Сұлтан мешітінің наиб имамы

Тұрар Рысқұлов ауданы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: