Адам жолы тарам-тарам

Адам жолы тарам-тарам

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Он сегіз мың ғаламның жаратушысы болған, біздерді жоқтан бар еткен, Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Екі дүниенің сардары, екі дүниенің нұры болған пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ сансыз салауттар болсын.

Адам өмірін бірі жолға, кейбірі өзенге теңейді. Алланың заманмен серт еткен, уақыт еншісіндеде болған адам, бір жолаушы немесе бір кеме іспеттес. Өмір – адам баласына берілген басты құндылық. Адам баласы Алла Тағаланың сыйлаған ғұмырының әр сәтін бағалап, ізгі амалдар жасауға берілген үлкен мүмкіндік деп түсінуі қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Мүлік» сүресі, 2-аятында:

 «Ол сондай Алла, сендердің қайсыларың жақсырақ іс-амал жасайтындарыңды сынау үшін өлім мен өмірді жаратты», – деп айтқан.

Адамның пәни дүниедегі тіршілігін қазақ халқы ғұмыр деп атайды. Тілек тілегенде халқымыз: «Ғұмыр жасың ұзақ болсын», «Жағың түспей жамандық көрме» немесе «Ғұмыр берсін!», «Ғұмырлы бол!» деген сөздерді жиі қолданады. Бұл ата-бабаларымыздың адам өміріне, оның ғұмырының ұзақ та берекелі, ізгі болуына үлкен маңыз бергенін көрсетеді. Расымен де адам ғұмыры ұзақ әрі ізгілікті болғаны жақсы. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

عَمَلُهُ حَسُنَ وَ عُمْرُهُ طَالَ مَنْ النَّاسِ خَيْرُ

«Адамдардың жақсысы өмір жасы ұзақ әрі іс-амалы ізгі болғандары», – деген (имам Термизи).

Асыл дінімізде бес нәрсе құрметті саналады. Ол адамның діні, өмірі, ақылы, ар-намысы және мал-дүниесі. Оған қол сұғуға, зиян беруге болмайды. Осы орайда адам баласының өмірлік жолы тек бұл жалғаның шаруасы ғана емес. Алдында айтылғандай адам өмірін жол болған болса қазақ айтқандай: «Жол мұраты жету» өзен болған болса «Өзенмен ағу емес жағаны табу» анық болған мақсатты ұмытпау. Мақсатымыз анық айқын болуы шарт қағида. Алла Тағала қасиетті Құранның «Юнус» сүресі, 44-аятында:

إِنَّاللَّهَلَايَظْلِمُالنَّاسَشَيْئًاوَلَكِنَّالنَّاسَأَنْفُسَهُمْيَظْلِمُونَ

 «Расында Алла адамдарға ешқандай зұлымдық жасамайды. Бірақ адамдар өз-өздеріне зұлымдық етеді», – деп айтқан.

Аятта айтылғандай адам баласы нәпсіге, шәйтанның арбауына еріп барар аялдаманы ұмытып, қойған мақсатты бұзып адасатынымыз анық. Біз өзімізге өзіміз зұлым етушіміз. Адаманың жолы тарам тарам болуы осы. Игіліктеі жолдан шығып кетуіміз біздің пенделігіміз. Алайда біздер қанша жолдан адассақта және ұмытсақта Алла Тағала Мейірімділердің Мейірімдісі сипатымен тәубе есігін бұл жалғанға қайсы бірімізге болсада ашық қалдырған. Алла Тағалам адам баласына осы ғұмырдың жалғандығын танып ақиқаттың жолынан адаспау үшін біздерге елші ретінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) жол бастаушы ретінде жіберген. Онымен қоса қағидат ретінде, жүріп тұрумызбен қараңғылықта жарық ететін құрал ретінде Құранды берді. Бүкіл әлемдерге рахым етіп жіберілген Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) - Құранның ең ұлы тәпсіршісі. Сол себепті де, Жаратушының иләһи мақсатын ең терең ұғынып, оны өмірінің өзегіне айналдырған ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратты ғұмыры қияметке дейін келетін адамзатқа бірден-бір үлгі. Асылында Алланың құлдарынан нені қалайтынын ең жақсы білетін жан пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ еді. Сондай-ақ, Құран өзіне түскендіктен оның мақсат-мұратын да жақсы білді. Құран – дініміздің қайнар бұлағы. Пайғамбарымыз ﷺ:

نَبِيِّهِ وَسُنَّةَ للهِا كِتَابَ: بِهِمَا تَمَسَّكْتُمْ  مَا تَضِلُّوا لَنْ أَمْرَيْنِ فِيكُمْ تَرَكْتُ

«Мен сендерге екі нәрсе қалдырдым: бірі - Құран, екіншісі – менің сүннетім. Осы екеуін басшылыққа алсаңдар адаспайсыңдар» - дейді.

Демек, пайғамбар сүннетін Құранның түсіндірмесі мен бейнесі деуге әбден болады.

Баязид Бистами: «Рухани шыңдалу жолында жүрген адам  – ол бір қолында Құран, екінші қолында Сүннет ұстаған адам. Ол Жұмақ пен Тозаққа қарайды, жер бетінде жүріп: О, Аллам бұйыр! Мен Сенің бұйрығыңа бағынуға дайынмын дейді»-деген.

Біздің мына әлемдегі бағдаршымыз - Құран мен Сүннет. Дүние тірлігінде құлшылықтан қол үзбеуге, тура жүруге екеуінің талаптарын сақтау арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Құранды ең ұлы түсіндіруші – ол Алланың елшісі және оның 23 жылдық пайғамбарлық ғұмыры. Өйткені Алла Тағала аятта: 

اللّهَ أَطَاعَ فَقَدْ الرَّسُولَ يُطِعِ مَّنْ

  «Кім Пайғамбарға бойұсынса, маған бойұсынғаны» - дейді («ан-Ниса» сүресі, 4/80).

Демек бұл жалғанның шырағыда жол көрсетушісіде Құран мен сүннет екендігі анық. Адам баласының тарам-тарам болған бұл ғұмырдағы жолын тек осы екі асыл болған қағидатты шырақ ете отырып келешекке, Алланың мейіріміне үміт ете отырып нық қадам басуы, - міне осы нағыз адами міндет. Алла Тағалам баршамызды өзінің көрсеткен тура жолынан адастырмасын.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы

                                                                              «Бәйдібек» мешітінің найб имамы

                                                                          Балхожаев Азамат Мұратбекұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: