Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында дін мен дәстүр егіз ұғымдай қатар жүріп, ұлт болмысының қалыптасуына зор ықпал етті. Дін – Алла Тағаланың адамзатқа жол сілтеу үшін жіберген хақ үкімдері болса, дәстүр – белгілі бір халықтың өмір сүру салтынан, наным-сенімінен, тұрмыс-тіршілігінен туындаған рухани-мәдени мұрасы. Осы екі құндылық – қазақ қоғамының дүние танымдық іргетасын қалаған негізгі рухани тіректердің бірі.
Ислам діні қазақ халқының дүниетанымына терең сіңіп, ұлттық салт-дәстүрімізбен астаса отырып кең тарады. Бабаларымыз исламды ерікті түрде қабылдағаннан кейін, оның құндылықтарын күнделікті өмір салтына шебер енгізе білді. Қазақтың «жеті атаға дейін қыз алыспау» дәстүрі, үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, жетімге жанашырлық таныту, қонақжайлық сынды қасиеттері – бәріде исламның тәрбиелік қағидаларымен үйлеседі.
Алайда кейінгі жылдары «дін бөлек, дәстүр бөлек» деп түсінетін жаңсақ көз қарастар жиі байқала бастады. Кейбір жастар ұлттық дәстүрлерімізді «дінге қайшы» деп қабылдап, одан бойын аулақ салып жүр. Бұл – сауатсыздықтың, дін мен дәстүрдің мән-маңызын жете түсінбеудің көрінісі. Негізінде, дін мен дәстүр – бірін-бірі жоққа шығармайтын, қайта бір-бірін толықтырып тұратын тұтас жүйе. Абай атамыздың өзі «Иман мен ар-ождан, діл ментіл» мәселесін терең қозғап, дінніңде, дәстүрдіңде адам баласын тәрбиелеудегі рөлін ерекше атап өткен.
Қазақтың ас беру, беташар, сүндеттой, құда түсу, қайтыс болған кісіні жерлеу сияқты көптеген дәстүрлері исламның шариғаты мен үйлесіптұрады. Бұл екеуі ғасырлар бойы ұлттың сана-сезімін, тәрбие жүйесін, мәдениетін қалыптастыруда бірге өріліп, бірін-бірі толықтырып келген. Әсіресе, ислам діні мен қазақтың дәстүрлі өмір салты арасында табиғи үндестік, терең ұқсастық бар. Солардың кейбірін тілге тиек етсек.
1. Тәрбиегенегізделуі
Ислам дінінде, қазақ дәстүріде адамның тәрбиесіне аса мән береді. Исламда «Адам баласы ең әуелі жақсы мінез бен көркемделуі тиіс» делінсе, қазақта «Әдепті бала – арлы бала» деген мақал кең тараған. Екеуі де баланы кішкентайынан үлкенді сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, ар-намыстыбиік ұстауға тәрбиелейді.
2. Ата-анағақұрмет
Исламда ата-ананы қадірлеу – парыз. Құранда: «Ата-анаңа «уф» деме» деп бұйырылады. Бұл діннің ата-анаға деген құрметін айқын көрсетеді. Ал қазақ салтында «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген нақыл бар. Бұл — ұрпақ бойына ата-анаға деген құрметті терең сіңірудің жолы.
3. Қонақжайлық пен мейірімділік
Ислам мейірімділік діні. Мұсылман – көршісіне, қонаққа, мұқтажға көмек көрсететін жан. Қазақ та ежелден қонақ десе, қазанын асырып, төрін ұсынған. Қонақ күту, дастарқан жайып, ризашылығымен шығарып салу – дін мен дәстүрдің үйлескен айқын тұсы.
4. Жетім-жесірге қамқор болу
Исламда жетімге қамқорлық ету – сауапты іс. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болғай): «Жетімге қамқор болған мен жұмақта бірге боламын», – деген. Қазақ та жетімін жылатпаған, жесірін қор қылмаған. Ағайын арасында жетім-жесірдің жағдайын жасау – салтқа айналған.
5. Қайырымдылық пен садақа
Дінде садақа беру – пенденің жүрегін жұмсартатын, мал-мүлкін тазартып, Алланың разылығына бөленуге жол ашатын амал. Қазақ салтында да «садақа» ұғымы кең тараған: жолға шығарда, бәле-жаладан сақтасын деп, немесе қырқы, жетісі секілді дәстүрлерде садақа беру үрдісі болған.
6. Тілектестік пен батагөйлік
Исламда жақсы тілек айту – дұға. Пайғамбарымыз: «Мұсылманның мұсылманға айтқан шынайы дұғасы қабыл болады» деген. Қазақта да бата – ақ тілектің көрінісі. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп, үлкендер батасын беріп, жастарға бағыт көрсеткен.
Қорыта айтсақ, дін мен дәстүр – бір-біріне қайшы емес, қайта бірін-бірі толықтыратын құндылықтар. Ислам діні – иманның негізі болса, дәстүр – сол иманды өмірде іске асырудың жолы. Бүгінгі ұрпақ осы сабақтастықты терең түсініп, дәстүрлі құндылықтарды исламмен үйлестіре ұстанғанда ғана ұлттық руханиятымыз әлсіремейді, қайта нығая түспек.
Өктан Сүйіндік Бауыржанұлы
Жамбыл облысы Байзақ ауданы
Жаңатұрмыс ауылы «Жаңатұрмыс» мешітінің имамы