Дүние есігін пәк, бейкүнә қалпында ашқан нәресте, алғашқы мейір махаббатты анасынан алады. Анасы оны: «Жаным, күнім, ботақаным», – деп елжіреп, құшағына алып, бауырына басады. Осы аналық мейір махаббат, Алланың берген тілінде айтылған соң, нәрестенің жанына өтіп, ұлтын айғақтайды. Алланың мейір махаббаты қолмен ұстап көретін нәрсе болмағандықтан, ата-ана деген екі періштені (құл) жаратып, солардың жүрегінен мейір махаббатын, қамқорлығын көрсетеді. Бұл махаббат иесі, Алла махаббатын жүректен жүрекке өткізіп, жаныңа «Мен мұсылманмын» деп айтқызады. Сонда ғана Аллаға құл болудың дәмін тата бастайсың. Сонда ғана шариғатқа махаббатпен зейін қоя бастайсың. Сонда ғана тек бала-шағаңды емес, бүкіл адамзатты сүйе бастайсың. Кісі айыбын емес, Аллаға дұрыс құл бола алмай жатқан өз айыбыңды көріп қапалы боласың. Ата-ана махаббатын қалай көрген болсаң, Алла махаббатын солай көре бастайсың. Сонда ғана Аллаға шынайы махаббатың ояна бастайды.
Ахиретте Алла Табәрак уә Тағала пендесінен: «Мен ауырып жатқанда неге келіп көңілімді сұрамадың?», – дейді екен. Сонда пендесі: » О Алла, Сен ауыратын адам емессің ғой»,- дейді. Алла тағыда: «Менің қарным ашқанда неге келіп тамақтандырмадың», – дейді. Пендесі: «Сенің қарның ашатын сен адам емессің ғой»,- дейді. «Ата — анаң ауруханада ауырып жатты, балам келіп қалар деген үмітпен, есікке телміріп қараумен болды, бірақ сен келмедің. Келгеніңде еді, Мені көрген болар едің». «Көршің бір нанға зар болып аш жатты. Бір үзім нан апарып бергеніңде еді, Мені тойдырған болар едің. Солардың жүрегінде Мен бар едім», – дейді.
Бір бала Хазірет Пайғамбарымызға (с.ғ.у.) келіп: «Әкем қайтыс болды», — дегенде, Пайғамбарымыз (сғс): «Алланың қарап тұрған көзі кеткен екен»,- депті. Демек барлық кезде, барлық жерде Алланы көрсе болады екен. Адам баласы Аллаға жақындаған сайын, Алланы басқа хәлде, басқаша сезімде, басқаша көзбен көре береді, көре береді. Сол үшін Хазірет Пайғамбарымыз (сғу): «Бір түнде 100 рет тәубе қыламын», – деген.
Кешегі кеңестік кезеңде дін қудалауға түсіп, атеистік (құдайға сенбеушілік) идеология, «дін халыққа апиын» деген тұжырым үстемдікетті. Жер-жерде «құдайсыздар қоғамы» (общество безбожников) құрылды. Бұл кейін белсенді атеистік ұйымдарға айналып, дінге қарсы үгіт-насихат майданы ашылып, мыңдаған дәрістер оқылып, кинофильмдер көрсетілді. Талай дін иелері қудалауға түсіп, айдалып, атылды. Тіпті, бір заманда ата-бабасы дін ұстағандар жаппай қудаланды. Талай мешіттер құлатылып, кейбірі мәдени ескерткіштің озық үлгісі болғанына қарамай басқа мақсаттарға пайдаланылып, тіпті, мал қора етілді. Мұның барлығы адамның өзіне деген сенімін жоғалтты.
Қоғамдық құндылықтар негіз болушы адам, жер бетіндегі кез келген құбылыс адамға қатысты туындайды. Көбіне адамдар жұмақ басқа дүниеде деп таниды. Ал шындығына келсек, жұмақты адамзат неде болса осы өмір сүріп отырған дүниесінен іздеу шарт. Адамзат ерте заманан өмір сүріп сол ата-бабаларымыздың салған жолын тану ол мына бүгінгі мəдениетіміздің, руханилығымыздың жемісі. Жер бетінде қаншама мың халық бар, олардың өмірге деген түсінігі жалпы дінге деген көзқарастары əр түрлі. Қазіргі заманда саналуан діни ағымдар бар. Олардың көбісі халықтың көзін байлаушылыққа апаруы мүмкін. Мұсылман халқына ертеден келе жатқан ортақ діні – ислам діні. Ислам діні барлық мұсылмандарға ортақ дін.
Шақиқ ибн Ибраhим айтады: «Адамдар өз сөздеріне, амалдарына, төрт нәрседе қарсы келеді. Бірінші, «Біз Алла Тағаланың құлымыз, пендесіміз», — дейді, бірақ емін — еркін істерін істейді. Екінші, «Алла біздің ризығымыз үшін кепіл болады», — дейді, бірақ олардың жүректері еш тынышталмайды, егер осы дүниеден бірдеңе тапса ғана тынышталады. Үшінші, «Ахирет бұл дүниеден жақсырақ», — дейді, бірақ тек қана осы дүниесі үшін дүние — мүлік жинайды. Төртінші, «Барлығымыздың басымызда өлім бар», — дейді, бірақ ешқашан өлмейтін қауымның істерін істейді», – депті.
Нәресте дүниеге келерде жалған дүниенің зұлматынан қатты қорқып, өмірге келуге қарсылық танытады екен. Сол кезде періште: «Қорықпа, Алла саған екі құл жаратып қойған, олардың аты ата — ана деп аталады. Олар Алла әмірін орындап, саған құл болып қызмет атқарып, бағып-қағып өсіреді. Алла өзінің мейір махаббатын сол екі ата — ананың жүрегі арқылы береді», — деп уәде бергеннен кейін ғана нәресте жарық дүниеге келеді екен. Міне, енді сол Алланың аманатын көтерген ата — ана деген атты жамылған екі құл, өле-өлгенше баласына: «Жеткілікті деңгейде бере алмай жатырмын, жеткізе алмай жатырмын», — деп барын аузына тығып, біреуден кем болмасын деп, таң атқаннан, күн батқанға дейін шапқылап жүргені. Әке-шеше 10 баланы бағып-қағып өсіреді, ал 10 бала бір әке-шеше мұқтажын өтей алмайды. Ата-ана: «Берген үстіне бере берсем», – десе, ал ай сайын әке-шешесіне қарайласып тұрған бала: «Мен беріп тұрмын, менен басқа қай балаң берді? — деп міндет қылады, айтпаса әйелі: «Сен беріп тұрсың», — деп есіне салады. Міне солайша ата-анаңның өзіңді бағып-қаққаны, саған бөлген мейір махаббаты былай тұрсын, ана құрсағындағы қорыққан кезін де ұмытады.
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «Егер Алланың білімінде ата-анаға «уф» деуден де артық құрметсіздік болғанында еді, Алла содан қайтарған болар еді. Ата-ананың көңілін қалдырған кісі қалағанынша амал істесін, ешқашан жәннәтқа кірмейді. Ата-анаға жақсылық істеген адам қалағанынша амал істей берсін, ешқашан тозаққа кірмейді»,- деді. Ата -аналарымызға Алла разы болсын! Алла екі дүниенің бақытын берсін! Бағып-қағып өсірген ұл-қыздарының қызығын көрсін! Қияметке дейінгі ұрпақтарына разы болсын. Алла баршамызды ата — ана разылығын табатындардан қылсын. Алла бәрімізді шүкір анамызды айталатындардан қылсын.
Ислам əлеміндегі Қазақстандағы қарама-қарсы бағыттағы басқа бір топ, шығыстан немесе батыстан жеткен барлық ой-пікірді тексеріп, саралап, сосын барып қабылдап насихаттау керек. Діннің кейбір мəселелерін дұрыс түсінбестіктен, əр түрлі қайшылықты шиеленістер болады, оны дер кезінде сараптаудан өткізіп тоқтау салу қажет. Дінді насихаттауда мəселенің дұрыс-бұрысын тиісті дəрежеде зерттеуді, ой таразасына салып, əділдікпен шешу қажет.
Рухани байлық адамды адам ретінде, адамның барлық іс-əрекетінің сапалы болуына ықпал етіп қалыптастырады. Дәстүрлі дініміз соған қызмет етеді. Әлпештеп бағып-қағып отырған ұрпақтарымыз ата-ананың разылығын алған құлдардан болсын. Әумин!!!
Серік Смайылов
"Бірлік" мешітінің имамы