АСҚАР ҚАЖЫ ЗӘКІРЖАНҰЛЫ МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА ІССАПАРМЕН БОЛДЫ

АСҚАР ҚАЖЫ ЗӘКІРЖАНҰЛЫ МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА ІССАПАРМЕН БОЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Мойынқұм ауданына іссапармен барып, өңірге қарасты имамдармен және дін қызметкерлерімен арнайы жиын өткізді.

Кездесу барысында ауданның діни ахуалы, мешіттердің қызметі, жамағатпен жұмыс жүргізу бағыттары және діни ағарту мәселелері кеңінен талқыланды. Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Еспенбетов аудандағы діни жағдайды таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар жайында баяндама жасады.

Бас имам Асқар қажы Зәкіржанұлы жиынға қатысушыларға ҚМДБ тарапынан жүктелген негізгі бағыттар мен тапсырмаларды нақтылап, дін қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, ол рухани тәрбие, жастармен жұмыс және діни рәсімдерде бірізділікті сақтау мәселелері бойынша кеңестер берді.

Бұл сапар – аудан мешіттеріндегі діни жұмыстардың тиімділігін арттыруға және имамдардың біліктілігін жетілдіруге бағытталған маңызды шара болды.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: