Тараз қаласына қарасты «Әзірет Әлі» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған ресми құжаттар жамағатқа таныстырылды.
Аталған шараны мешіттің имамы Есет Таласбаев жүргізіп, ҚМДБ бекіткен құжаттардың мазмұны мен маңызын кеңінен түсіндіріп өтті. Атап айтқанда, діни рәсімдерді орындаудағы бірізділік, пәтуа беру тәртібі, діни жоралғылар мен қоғамдағы дін қызметкерінің рөлі туралы нақты мәліметтер берілді.
Жамағатпен өткен бұл кездесудің мақсаты – ресми құжаттар арқылы жұртшылықтың діни түсінігін тереңдету, шариғи сауаттылықты арттыру және дін қызметкерлерінің жұмысын жүйелі түрде үйлестіру болды.
Жиын соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі