ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ӘЗІРЕТ ӘЛІ» МЕШІТІНДЕ ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ӘЗІРЕТ ӘЛІ» МЕШІТІНДЕ ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Әбдіқадір Сейтқали Тараз қаласына қарасты «Әзірет Әлі» мешітінде имамдар мен жамағатқа арнап пәтуа сағатын өткізді.

Кездесу барысында ұстаз шариғат үкімдері, мәзһаб ұстанымдары және күнделікті туындайтын діни мәселелер төңірегінде кеңінен мағлұмат берді. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуалық ұстанымдары таныстырылып, нақты мысалдар арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Пәтуа сағатының мақсаты — жамағаттың діни сауатын арттыру, шариғи мәселелерде бірізділікті сақтау және түрлі діни сұрақтарға ҚМДБ бекіткен жауаптар негізінде бағыт-бағдар беру болды.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, діни сауаттылықты арттыруға бағытталған пікір алмасу өтті.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: