БАЙЗАҚ: «ЛУДОМАНИЯ ҒАСЫР ДЕРТІ» АТТЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БАЙЗАҚ: «ЛУДОМАНИЯ ҒАСЫР ДЕРТІ» АТТЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сухамбай ауылдық округінің мәжіліс залында «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы округқа қарасты ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Лудомания ғасыр дерті» тақырыбында насихат айтты.

         Бақытбек Бауыржанұлы сөзінде: «Асыл дініміз Ислам жеке тұлғаның жан-жақты дамып, кәсібінің өрге басуын қалайды һәм соған зиян тигізетін жолдардан сақтандырады. Жоғарыда айтылған дертке қатысты шариғат не дейді? Шариғатта барлық құмар ойын түріне тыйым салынған. Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде «Уа, иман келтіргендер! Арақ-шарап, құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен бал ашу – шайтанға ғана тән лас істер. Ендеше, мақсат-мұраттарыңа жету үшін бұлардан аулақ болыңдар», - делінген(Мәйда сүресі 90-аят).

Бәс тігіп ойын ойнаудың барлығы құмар болып табылады. Жоғарыда айтылған аятта құмарды шайтанның амалына жатқызып, «лас» деп атауы оның харам екенін білдіреді. Тіпті жай ғана жолдасыңды құмарға шақырғанның өзі күнә болып, одан тазару үшін садақа беру керектігі айтылады. Ол жайында Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім жолдасына кел, құмар ойнайық, десе, садақа берсін». (Бухари, Муслим жеткізген).

Қазіргі таңда көріп отырғанымыздай, бұл дерт қоғамда кең етек алып, үлкен зиян тигізіп отыр. Осы тұрғыда шариғатымыздың не үшін тыйым салғанын аңғару қиын емес. Себебі, шариғат адам баласына пайдалы іспен шұғылдануды үндейді. Құмар ойынында айла, алдап-арбау, біреудің ақысын жеу, ысырап, уақытын бос іспен өткізу сынды дұрыс емес істер көп кезігеді. Сол үшін тағы бір аятта: «Олар сенен шарап пен құмар ойындарының үкімін сұрайды. Оларға: «Екеуінде де үлкен күнә бар», – деп айт», – деген («Бақара» сүресі, 219-аят).», - деді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: