БАЙЗАҚ: «ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

БАЙЗАҚ: «ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сухамбай ауылдық округінің амбулаторясының әулеметтік сала маманы Бану Еркінқызының ұйымдастыруымен мәдениет үйінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты халықпен, әсіресе аяулы аналармен кездесу өтті.

         Арнайы шараға Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы, әулеметтік сала маманы Бану Еркінқызы, округ әкімінің орынбасары Ардақ Оңласынұлы және психолог Гүлім Түгелбаева қатысты.

         Шара аясында Бақытбек Бауыржанұлы: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінезсіз иман толыққанды болмайды, ал өз отбасына лайықты түрде қарайтындар, міне солар ең көркем мінезділер деп айтқан болатын. Үй зорлық-зомбылығы –мұсылманға жат надандықтың белгісі.

Бәлкім, әйелін ұрып-соғатындар мен үй-ішіне жәбір көрсететіндер бәрібір өздерін ақтап алуға тырысатын шығар, алайда ислам дінінің тағылымдары ешбір зорлық-зомбылық түріне төзімділік танытпайды, әсіресе, зорлық-зомбылық әйелдер мен балаларға қатысты көрсетілер болса. Әрі ешбір «дәлел» бұл обырлықты ақтай алмайды», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: