БАЙЗАҚ: АУДАН БАС ИМАМЫ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

БАЙЗАҚ: АУДАН БАС ИМАМЫ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Байзақ аудандық өрт сөндіру мекеменің қызметкерлерімен кездесіп «Ислам отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы» тақырыбында насихат айтты.

         Қанат Әділханұлы насихат барысында: «Үйде болсын, не тыста болсын зорлық-зомбылық көрсетуші өз әрекеттерін көбіне бұрмаланған аяттардың түсіндірмелеріне, әлсіз хадистерге немесе нақты бір адамдардың пікірлеріне жүгіне отырып, әрқашан ақтап алып отырады. Өз агрессиясын ақтап, кінәлік сезімін арқаламас үшін ол осы дәлелдерді желеурететін болады.

Алайда қандай түсіндірме болмасын, зорлық-зомбылық көрсетілуі мүмкін деп көрсетілген хадис болмасын, зорлық-зомбылық рұқсат етілген деп санайтын қандай «білгіш» болмасын, ең бірінші, сіздер мынаны естен шығармаңыздар, Исламның негізгі ойы – жоғары адамгершілікке, сүйіспеншілік пен төзімділікке үндеу болып табылады, яғни, зорлық-зомбылық көрсетіп, агрессия танытқысы келетіндер қолданатын ұсақ дәлелдерге қарама-қайшы келеді.

Ешкімде әйел, бала-шағасын хадисте немесе аятта солай айтылған деп ұрмайды, алайда өз құмарлықтарын қанағаттандыру үшін ұрады да содан кейін ғана әлдебір деректерге жүгіне жөнеледі. Сонымен, Ислам үйдегі зорлық-зомбылыққа рұқсат еткен бе? Бұл сұраққа тек отбасы мен күш қолдану туралы айтылған Құран аяттары мен хадистерді келтіре отырып жауап беруге болады»,-деп отбасы құндылықтарын сақтауға шақырды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: