БАЙЗАҚ: АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

БАЙЗАҚ: АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қосы батыр ауылы «Қосы батыр» мешітінің имамы Нұртілеу Тұрлыбаевтың ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның 35 жыл мерейтойы және «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы дала имамдары» атты кіші футболдан ауыл имам-молдалары мен жастары арасында аудандық турнир өтті.

         Арнайы шараға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, Сухамбай ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бейсенбек Айтжанұлы және Сухамбай ауылдық округінің бас маманы Ардақ Оңласынұлы мен Сухамбай ауылдық округінің спорт бөлімінің меңгерушісі Ерғали Мәндібайұлы қатысып, жарысқа келген командаларға сәттілік тіледі.

         Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «Ислам діні ұлты­мыз­дың басты рухани негізі, ата-баба­ларымыздың ұстанған, қас­тер тұтқан жолы. Әлмисақтан мұсылман болған халқымыз әркез діні мен дәстүрін қадірлеп, ғасырдан ғасырға осы екі қасиетті ұғымды ұштастыра білуі арқылы Құдайға деген құлшылығын жасап, дархан мінезінен таймай, ұрпағын ізгілікке тәрбиелеп келген. Өмірлік тұрмысымызға айналған дәстүрлеріміздің көбі асыл дінімізден бастау алған. Осылайша асыл дініміз қазақ халқының рухани дүниесін қанағаттандырып қана қоймай, халқымыздың танымы, мәдениетімен біте қайнасып кеткен», - деп «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында насихат айтты.

         Жарыс қортындысы бойынша:

1-орын IV-ші аймақ имамдары (10 000 теңге);

2-орын Сухамбай ауылдық округінің жастары (7 000 теңге);

3-орын алған I-ші аймақ имамдарына (5 000 теңге) қаражаттай сый көрсетіліп орын алған командаларға дипломдар табысталды.

Бұл орындардан бөлек «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша «Жібек жолы» мешітінің имамы Рисбаев Айтбек, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Тілеуқулов Қанат және  «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша «Дихан» мешітінің имамы Алашбаев Досмырза ие болып, алғыс хат алды.ф

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: