Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешіт жамағатына «Білмей пәтуа беру – адастырады» тақырыбында үгіт- насихат жұмысын жүргізді. Білімсіз түрде пәтуа берудің салдары нендей жаман екенін түсіну керек. Бұл туралы айтылған бірнеше хадистер бар.
Әбу Хурайрадан (р.а.) риуаят етіледі. «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Кімде-кім ілімсіз бола тұрып біреуге пәтуа айтса, оның күнәсін көтереді. Ал, кімде-кім өзінің бауырына, тура жол басқа жақта екенін біле тұра, мүлдем басқа бір жолға нұсқаса, шынында, оған қиянат етіпті.» Расында діни үкімдерді кез келген адамнан сұрау дұрыс емес. Мұның да өзіндік тәртіп пен қағидалары бар. Әуелі, пәтуа ілімді, тақуа және әділетті адамнан сұралады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі