Гродиково ауылы «Арынғазы» мешітінің ұстазы Уншарбаев Малик жамағатқа «Иман негіздері» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Ислам діні ақида мен шариғаттан тұрады. Ал енді Ислам ақидасы және оның негізі — Алла тағалаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақирет күніне, тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіру.
Бұл негіздер Құран Кәрім мен хадистерде көрсетілген: «Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ кім Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге жақсы көре отырып, мал сарып қылса әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар. » (Бақара сүресі, 177 аят)
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі