Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінің молдасы Болат Айдарбековтың ұйытқы болуымен мешіттер арасында ауыл жанашыры, ауылымыздың ұлағатты ұстазы, мешітіміздің жамағаты- Байғабылов Мұрат атынан кіші футболдан жарыс өтті.
Жарысқа он команда қатысып, оның төртеуі алдыңғы шептен көрініп, қомақты қаржылай сыйлықтар мен медальдерді иемденді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын айтқан болатын. Осы бағытқа үлес қосу үшін ұйымдастырылған шаралардың бірі болды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



02 Ақпан 2026
14 Шаабан 1447

