Ақбұлым ауылы «Нұртай ата» мешітінің молдасы Сәбит Естеков мешіт жамағатына «Нәпсіні тәрбиелеу» тақырыбында уағыз- насихат айтты. Әрбір мұсылман пенде ең алдымен өзінің нәпсісін тәрбиелеуі және тазалауы тиіс. Бұл өмірде де, ақырет күнінде де пенденің бақытсыздыққа ұшырауына адамның нәпсісінің кірленуі және жаман іс-әрекеттерге жол берулері, оның басты себептері болып саналады.
Нәпсінің жамандыққа, күнаға ұмтылып тұруы ақиқат. Соның үшін оны әр уақыт ондай істерден қорқытып тұру керек. Күнәлардың соңы бұл дүние мен ақыретте өте ауыр жағдайларға соқтыруы ақиқат екенін нәпсіге ескертіп, оны қорқытып тұрған пенде нәпсісін тәрбиелеген болады. Алла Тағала өзіне лайықты құл, пайғамбарымызға лайықты үмбет болуды баршамызға нәсіп етсін!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі