Танты ауылында «Танта баба» мешітінің имамы Қанат Қуанышбековтың мұрындық болуымен ауданда «Танта баба» мешітінің құрметті жамағаты Дадабаев Ералы атамыздың атынан мешітаралық кіші футболдан турнир ұйымдастырылды. Турнирге Бесжылдық ауылының мешітінен 2 команда, Шайкорык ауылының мешітінен 2 команда, Қапал ауылының мешітінен 2 команда, Танты ауылының мешітінен 3 команда және Қоныртөбе ауылының мешітінен 1 команда қатысты. Жарыс өте тартысты өтті.
Командалардың дайындықтары мен ынталы болғандары соншалықты жарыс күн ұзаққа дейін созылды. Нәтижесінде турнирде 1 орынға 300мың; 2 орынға 200 мың; 3 орынға 100 мың қаржылай сыйлықтар берілді. Осындай жарыстар алда жалғасын тапса деген үміттеміз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі