ЖАМБЫЛ: ЖАТ АҒЫМНАН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ

ЖАМБЫЛ: ЖАТ АҒЫМНАН АУЛАҚ БОЛАЙЫҚ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сұлутөр ауылы «Хаджи Темаль Медина» мешітінің молдасы Ансар Абилов мешітке жиналған  жамағатқа  «Жат ағымнан аулақ болайық»  тақырыбында уағыз- насихат айтты. «Діннен еш хабары жоқ, қарапайым азаматтардың деструктивті ағымға еруіне әсер ететін факторлардың бірі – интернет.

Тіпті кей жайттарда егде жастағылар ғаламтордан өзіне «жөн сілтейтін жанашыр адамды» тауып жатады. Сондай ақ «нағыз мұсылманмын» деп жабық киініп жүрген адамдардың бәрі періште емес екендігін де ескерген абзал. Осындай қателіктерге ұрынбау үшін ата-аналар ең алдымен өз перзенттеріне рухани тәрбие беруі тиіс.

Баламен күнде кемінде бір сағат әңгіме-дүкен құрған жөн. Үйінде дұрыс тәлім-тәрбие алған ұл-қыздарымыз ешқашанда біреудің жетегінде кетпейді» – деп ой түйіндейді молда. Өкінішке қарай, қанша үгіт-насихат жүргізілсе де теріс ағым тигізген зардаптардың ауыр болатынын көп азаматтар кеш түсініп жатады. Дінді көзсіз еліктеушілікпен емес, біліммен пайымдау қажеттігін көп адамдар ескере бермейді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: