ЖАМБЫЛ: АУДАН ИМАМЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

ЖАМБЫЛ: АУДАН ИМАМЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аса ауылының Өнер мектебінде «Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлыққа ұшырау себептері және оның алдын алу шаралары» тақырыбында өткізілген шарада аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев сөз сөйлеп, жиылған  жұртқа уағыз- насихат айтты.

Өз кезегінде аудан имамы: «Шындығына келсек, жат ағымдардан жақындарымызды, отбасымызды сақтаудың жолдары өте қарапайым. Ұлттық мәдениет, дәстүрлі дініміздің  қағидаларын  жас ұрпаққа сіңіре білу керек. Жақындарыңызбен үнемі етене араласып, олардың өмірінде болып жатқан жайттарды біліп жүріңіз. Сонда  ғана жат пиғылдағылар әке мен бала, ата мен немере, анасы мен қызы, ағайында бауырлар арасындағы қарым-қатынастарға сызат түспейді. Осылайша отбасы оңалса, мемлекет те мығым болады» деп  сөзін түйіндеді.

 

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: