Гродиково ауылы «Арынғазы» мешітінің ұстазы Уншарбаев Малик ақшам уақытында ауыл тұрғындарының діни сауатын ашу мақсатында шариғаттан сыр шертер дәрістерді жалғастыруда. «Дәрістеріміздің ақшам уақытына шегерілуі ауыл тұрғындарының күнделікті тіршілігіне байланысты» дейді ұстаз.
«Өйткені олар күндіз бірі егістік алқабында болса, ал бірі мал жайлауда, ал енді кейбірі жұмыстары мен үй шаруаларынан қолдары тимейді. Ақшам алдында үй- жайын жайғап, кешкі астарын ішіп, мешітке келіп алаңсыз дәрістерін тыңдап, діни сауаттарын ашып жүр.»
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі