ЖАМБЫЛ: ЖАСТАРДЫ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚҚА ШАҚЫРДЫ

ЖАМБЫЛ: ЖАСТАРДЫ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚҚА ШАҚЫРДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің молдасы Айтжан Керимов мешітке жиналған жамағатқа ««Дін және жастар»  тақырыбында  үгіт- насихат айтып, жастарды діни сауаттылыққа шақырды.

«Қазақ халқында «дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» деген аталы сөз бар. Бүгінгі таңда қоғамда жастардың діни сауаттылығы күрделі мәселенің біріне айналды. Жастар арасында рухани сананы оятудағы діни сауаттылықтың маңызы мен алар орны ерекше. Бүгінде діни сауатсыздық әсіресе жастар арасында белең алуда. 

Әлеуметтік желіні аша қалсақ, уағыз айтылып жатқан бейнероликтер көптеп кездесетіні жасырын емес. Уағыздың да уағызы, уағызшының да уағызшысы бар. Барлығын талғамай жұтып, «тамағымызға көлденең тұрып қалмауын» ескерсек деймін» деп молда насихатын аяқтады.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: