Жасөркен ауылы «Тұрыс» мешітінің имамы Бауыржан Досмухамбетов мешіт жамағатына «Жат ағымның зардаптары» атты тақырыпта уағыз- насихат айтты. «Қазақтың ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі исламы мен жат ағымдар - бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар. Себебі радикалды ағымдар халықтық салт-сана мен әдет-ғұрыпты мойындамайды.
Олар үшін салт-дәстүрдің барлығы - «ширк», яғни құдайға серік қосу. Зайырлы қоғамдағы өзгерістерді «бидғат» деп атап, дін жолына жаңалық енгізуді дұрыс емес деп санайды. Бұның қоғамның, дамуына, мемлекеттің тұтастығына тигізер зардаптары орасан зор. Жат ағым өкілдері құран кәрімде былай деген деп дәлел келтіріп тұрып сөйлейді. Бірақ олардың айтқандарының құранға қатысы шамалы. Тар түйсікпен құран аяттарын өздерінше тәпсірлейтіндер көп», - дейді имам.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі