Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің молдасы Маулен Ибрагимов мешіт жамағатына «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Молда М.Ибрагимов уағыз барысында: «Қадірменді жамағат! Ислам діні әлемдік дін болғандықтан ол адамзат қауымына ақиқатты танытып, әрбір ұлт пен ұлысқа өзінің салт-дәстүрлерін сақтай отыра ізгілік жолымен жүруді насихаттайды. Ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) араб халқының исламға дейінгі дәуірдегі шариғатқа қайшы келмеген әдет-ғұрыптарының сол қалпында қолданылуына тыйым салған жоқ» деп түсіндірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі