ЖАМБЫЛ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ЖАМБЫЛ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің молдасы Маулен Ибрагимов мешіт жамағатына «Діни экстремизмге қарсы иммунитет қалыптастыру» тақырыбында уағыз- насихат айтты. Елімізде жұмысын жасырын жүргізіп келе жатқан деструктивті діни ағымдар мен секталар жоқ емес. Солардың қатарында ата-дәстүрімізбен, әдеп-ғұрыптарымызға тікелей қарсы бағытта әрекет етіп жүргендері де баршылық. Сондықтан мемлекет тарапынан халықтың арасындағы деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы шаралар жүргізілетіні анық.

Қарсы шаралар ретінде халықты діни сауаттандыруға бағытталған әдебиеттер санын арттыру, ғаламторлардан жастарды қызықтыру арқылы дәстүрлі дін жолына бағыттайтын және деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеттерін әшкерелейтін материалдар сайттарын ашу қажет. Экстремизмге қарсы күрестің бірден — бір жолы – халыққа олар туралы өз уақытында шынайы мәліметті жеткізіп отыру. Бұл жерде әрине мешіт, медресе және дін мамандарының  рөлі өте жоғары.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: