Құмтиын ауылы "Ботабай" мешітінің молдасы Қуаныш Исмаиловтың ұйымдастыруымен мешіт жамағаты ауызбіршілікпен көктемгі үрдіс- тасаттық садақасын жасап, тілек тіледі. Молда жамағатқа уағыз айтып, жамағатпен истисқа намазын оқып, дұғасын жасады. Молда Қ.Исмаилов уағызын: «Алладан жәрдем үшін дұға тілейміз. Дұғаның ең ізгісі - намаз. Намаздың кілті -дәрет. Барлығымыз дәретті болып, Алладан дұға тілеп, халық болып екі ракағат намаз оқуымыз қажет.
Адам баласы осындай сәтте ғана шынайы ниет қылып, дұға жасайды. Әйтпесе, ойланған адамға малды сойып, жиналып, ішіп-жеу арқылы дұға қылу дұрыс та емес мұның бәрі дүниәуи нәрсе бос әңгімеге апарады. Жиналып, ас берілген уақытта дүние сөздері, ойын-күлкі, арзан әңгіменің еш қажеті жоқ. Аллаға мақтау айтып, Пайғамбарға көп салауат айтқан дұрыс. Ойдың барлығы Алладан сұрау, жауын тілеп дұға қылуда болуы керек» деген тұщымды сөздермен тәмамдады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі