Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің азаншысы Азамат Сабыр, Бесағаш заставасында қызметтегі әскерлерге "Отанға сүйіспеншіліік" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Исламда бес нәрсені қызғыштай қорғау міндеттеледі: Отаныңды, дініңді, ұятыңды, жаныңды, дүниеңді. Осы құндылықтарды қорғау жолында қайтыс болғандар тіпті шейіт саналады. Ал шейіттердің өлмейтіндігі, ақыретте есепсіз Жәннатқа барары мәлім. Құранда бұл жөнінде: «Шейіттерді өлдіге санамаңдар. Олар тірі, Алла біледі, сендер білмейсіңдер» («Бақара» сүресі, 154-аят), - делінген.
Отан отбасынан басталатынын ескерсек, әрбір саналы адам қастерлі сөздің қасиетін өз ұрпағына ұқтыра білу керек. Пайғамбарымыз: «Әркім өз қарамағындағылардан жауапқа тартылады», - деген. Демек, біз ұрпақ бойында отаншыл сезім қалыптастыруға жауаптымыз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі