Асыл Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Көршісі аш жатып, өзі тоқ жатқан бізден емес» деген хадисін ұстанған Бірлесу-Еңбек ауылы "Бірлесу Еңбек" мешітінің молдасы Сәкен Джолдасбаев аз қамтылған жағдайлары төмен 3 отбасыға азық-түлік таратты. Ауыл бүкіл адамзат баласының қара шаңырағы.
Ауылдағы әңгіме лезде әмбеге тарайды, ауылдастың жағдайы да бәріне тез аян болады. Ауылдықтар бір-біріне көрші әрі аядай жердегі алақандай жамағат іспеттес. Сондықтан ауылдасқа қолдау көрсету ең алдымен мешіт қызметкерлерінің міндеті деп білеміз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі