Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешіті аз қамтылған және мүгедек жандарға 20,000 теңгеден 20 отбасыға қайырымдылық көмек ретінде қаражат таратты. Жанашырлық— бір адамның қиын жағдайға тап болған өзге адамға, ет жақын туған-туыстарына, тілектес, ниеттес, сыйлас кісілеріне деген ерекше көңіл күйі, қамқорлығы.
Үлкен зиян шегіп, шығынға ұшыраған немесе қайғы-қасіретке душар болған, сондай-ақ, қандай да бір ауыр қиындыққа тап болған адамдарға жанашырлық көрсету, оларға қолдан келгенінше көмектесу — адамгершіліктің белгісі болып табылады. Қиналған жанға нәсіліне, дініне қарамастан жанашырлық таныту, әсіресе, қазақ халқына ерекше тән ұлттық қасиет болып табылады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



02 Ақпан 2026
14 Шаабан 1447

