Сұлутөр ауылы «Хаджи Темаль Медина» мешітінің молдасы Ансар Абиловтың бастамасымен ауылдағы жағдайы төмен үш отбасына көмек берілді. Азық-түлік себеті 105000 теңгені құрайды.
Негізінде мұндай игі шараға республика бойынша барлық мешіттер атсалысады. Бүгіннің өзінде еліміз бойынша ет, ұн, сұйық май мен шай және дәнді дақылдар салынған себеттер үлестіріліп жатады. Оған қоса жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік қаржылай көмек те беріледі.
Барша осы қайырымдылық іске қолғабыс еткен жандарға, кәсіпкерлерге, имамдарға, халқымызға, жамағатымызға Алла разы болсын! Қазақта керемет сөз бар «қайырымды болсаң, қайырын көресің» дейді. Мұқтаждарға бүгінгі біздің беріп жатқан қайырымды ісіміз жетіп, олардың да қуануын нәсіп етсін! Біз енді қолымыздан келгенше бүгін бастаған қайырымдылық шарамызды әрқашан жалғастыруға тырысамыз.
Жамбыл ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі