Жамбыл аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев орталық мешітте жұма намазынан кейін Құран оқып, Ұлы Отан соғысына қатысқан бабалар рухына бағыштады, ақсақалдар алқасының төрағасы дұғасын айтып, батасын берді.
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ жерінен 1,2 миллионнан астам жауынгер аттанды. Олардың жартысынан көбі майданнан оралмады. Ұлы Отан соғысының тарихында Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды қазақ жерінен шыққан батырлардың есімдері алтын әріппен жазылды. Мыңдаған қазақ жауынгерінің арасында өшпес ерлік жасағанымен, атақ-даңққа ілікпегендері де бар. Отаны үшін жанын пида еткен батырлардың есімдері ұрпақтың жадынан ешқашан өшпеуге тиіс. Осы орайда "Жеңіс солдаттарының" ерлігіне бейбіт күніміз үшін борыштармыз.
Жамбыл ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі