Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің ұстазы Уншарбаев Малик ақшам дәрісінде "Иман негіздері" кітабын оқытып бастады.
Хадис шәріптерде:"Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім ізден!"делінген. Әр ақыл- есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманға иман негіздерін білуі парыз. Иманның негіздері алтау: Алла Тағалаға бір және бар екендігіне сену; Періштелерге сену; Кітаптарға сену; Пайғамбарларға сену; Ақырет күні мен қайта тірілуге сену; Тағдырға сену. Ұстаз иман негіздерін рет-ретімен, жеке-жеке оқып, түсіндіріп, тәптіштеп үйретті. Шәкірттер кіріспе дәрісте көкейдегі сұрақтарын сұрап, ұстаздан тұшымды жауап алды.
Жамбыл ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі