Меркі: Азан шақырып ат қою рәсімі орындалды

Меркі: Азан шақырып ат қою рәсімі орындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы дүние есігін ашқан сәбиге азан шақырып есімін қойды.

Шариғатымызда жаңа туған нәрестеге азан шақырып ат қою – сүннет амал. Алла елшісі (алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл ісі құп көріп өзі орындаған амал және осы амалды жасауға өсиет еткен. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен  сәлемі болсын) немересі Хасан дүние есігін ашқанда оның құлағына намазға азан шақырғандай азан айтқан. Алла Елшісі (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): « Кімнің баласы туылғанда оның оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтса, ол сәбиге «умму сибян»(сәбиді ауру ететін жел немесе жынның кесірі) әсер етпейді» - деген.

Аудан бас имамы азан шақырып нәрсетеге есім қою рәсімінң аяқтаған соң, сәбиге дұға жасап, ата-анасына ақ тілегін айтып, батасын берді. Іс-шара соңында жас отбасыға мешіт ұжымы атынан кітап сыйлық берді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: