Меркі ауданы, Ақтоған ауылы, «Шақшам ата» мешітінің иимамы Тұрпанов Асқардың мұрындық болуымен бір қой зекет таратылды!
Зекет – Ислам дінінің негізгі бес тіректерінің бірі. Зекет тілдік тұрғыда: тазару, өсу, өну, арту және береке деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғатымызда зекет деп – нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылман кісінің Алла разылығы үшін байлығының бір бөлігін жылына бір рет Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беруді айтады.
Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Және намазды (дұрыс болу шарттарына сай етіп) оқыңдар, әрі (толық) зекет беріңдер», - деп бұйырған («Бақара» сүресі, 43-аят).
Зекет алған отбасы зекетін берген жанға және ауыл имамына рақметін айтып, ризашылығын білдірді.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі