#Шу: Төле би ауылында жастармен рухани кездесу өтті

#Шу: Төле би ауылында жастармен рухани кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Төле би ауылдық әкімшілігінің ұйымдастыруымен, ел руханияты мен жастар тәрбиесіне арналған маңызды жиын өтті. Жиынға дін саласының маманы, «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы арнайы шақырылып, жастарға арнаулы дәріс оқыды.

Тәлім сағаты барысында имам «Дін – ол терроризм, экстремизм емес» тақырыбын арқау етіп, Ислам дінінің шынайы мәні жайлы кеңінен әңгімеледі. Жастарға дінді дұрыс тану, адасушылық пен теріс ағымдардан аулақ болу, рухани тазалық пен бейбітшіліктің діңгегі болу туралы жүрекке жылы тиетін ойлар айтты.

Жиын соңында жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, имамнан тікелей жауап алуға мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер ауыл жастарының рухани дамуына, сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға және діни сауаттылықты арттыруға септігін тигізеді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: