Меркі: Қабір басы тазаланды

Меркі: Қабір басы тазаланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылсай ауылының тұрғындары бір кісідей зират басын тазалап, сенбілік өткізді. Бұған мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары ақсақалдардан бастап, жасөспірімдерге дейін белсене атсалысты. Тазалыққа кіріспес бұрын аудан бас имамы Азамат Берікұлы  халыққа уағыз-насихат айтып, қабір айналасын тазалауға, түзетуге рұқсат екенін айтып, мұсылман қабірінің тәртібімен таныстырды.

Қабір басын тазалаған соң бас имам зират басында жатқан марқұмдарға Құран оқып, дұға жасады.

Осы игі іске атсалысқан барша тұрғындарға ақ дастархан жайылып, ас берілді.

 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: