#Шу: «Жылғабек» мешітінде тағылымды ас берілді

#Шу: «Жылғабек» мешітінде тағылымды ас берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлы Отан соғысының жеңісіне 80 жыл. Бұл — батырлар ерлігінің, елдіктің, бірліктің, төгілген тер мен төгілген қанның бағасы. Осы тарихи күнге орай, 9 мамырда «Жылғабек» мешітінде ел жадында мәңгі сақталатын тағылымды шара өтті.

Ардагерлердің рухына арналып ас беріліп, дастархан басында Құран бағышталып, дұғалар оқылды. Ақсақалды аталар мен ақжаулықты әжелер жиналған жастарға өткеннің өнегесін айтып, бейбіт күннің қадірін ұғындырды.

Игі шара аясында 1 бас қой мен 1 жылқы сойылып, жалпы шығын 900 мың теңгені құрады. Бүгінгі бейбіт таң — кешегі қаһарман күннің жемісі. Естен кетпес ерлік ешқашан ұмытылмайды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: