Шу ауданы «Жәми» мешітінің Әйел-қыздар жамағатына қарасты кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын игі іс жүзеге асты. Бүлдіршіндер топтасып, мультфильм көруге барып, шаттық пен балалық қуанышқа бөленді.
Бұл шараға демеушілік танытқан мекеме басшыларының қамқорлығы – ел ішіндегі ізгіліктің, ұрпақ тәрбиесіне деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі. «Жәми» мешітінің ұстаздары аталған қолдауға алғыс айтып, демеушілерге шынайы ризашылықтарын білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



02 Ақпан 2026
14 Шаабан 1447

