Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан ау «Меркі ата» мешітінің жамағатына Имам Тирмизидің «Шәмәил Мухаммадия» кітабынан дәріс өтуде.
Имам Тирмизи «әш-Шәмәйл әл-Мухаммадия» еңбегінде ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінез-құлқына, әдебіне, жүріс-тұрысына, күнделікті жасайтын амалдарына қатысты хадистерді жинақтаған.
Ардақты Пайғамбарымызды (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көретін үмметі үшін бұл таптырмас дәріс, Пайғамбарды жақынырақ танығым келеді, Пайғамбарға деген махаббатымды оятқым келеді дейтін жамағат үшін бұл дәріс өте керемет мүмкіншілік
Жамағаттың дәріске деген ынталары, қызығушылықтары күннен күнге артып келеді. Және де дәріс өткізіп жатқан ұстаздарына алғысы шексіз.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі