Меркі аудандық "Меркі ата" мешітіне көмек сұрап, жағдайын айтып келген мұқтаж жанға, бас имам Азамат Берікұлы анамыздың көмек сұрап келген қолын бос қайтармай, қажетіне жаратсын деп қаржылай жәрдем беріп жіберді.
Қаржылай көмек алған қарт әжеміз мешіт имамына алғысын айтып, ризашылығын білдіріп қайтты. Алла баршамызды дүниенің таршылығынан, ақыреттің азабынан сақтасын !!
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі.