Жамбыл облысы Байзақ ауданының наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы мен Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қалмұхамбетұлы Жалғызтөбе ауылдық округі Жетібай ауылында Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлерді еске алуға арналған шараға қатысты.
Шара аясында Рүстем Қалмұхамбетұлы мен Бақытбек Бауыржанұлы Жалғызтөбе ауылдық округінің орталық саябағында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл қою рәсіміне қатысып Құран аяттары оқылып, елдің тыныштығы мен бейбітшілігі үшін дұға жасады. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шара Жамбыл атындағы орта мектебінде өткен мерекелік концертке ұласты. Аталған шарада Ұлы Отан соғысының ардагері Жетпіс Кенбаевтың ұрпақтары, олардың ішінде Аққия ауылының имамы Ахмет Кенбаев әулеттің атынан үздік мектеп оқушыларына грант ұсынды.