Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жалғызтөбе ауылдық округі Жетібай ауылдық «Жамбыл Жабаев» орта мектебінің залында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.
Мерекелік шараға Байзақ ауданының әкім орынбасары Рүстем Қалмұхамбетұлы, Байзақ ауданының наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы, Диқан ауылының имамы Досмырза Алашбаев, зейнет жасындағы полковник Ратаев Бақыт және ауыл тұрғындары қатысты.
Рүстем Қалмұхамбетұлы мерекеге жиналған көпшілікті Ұлы Жеңіске 80 жыл толуымен құттықтап, кейінгі өсіп келе жатқан ұрпаққа нағыз елінің патриот ел екендігін, соғыс жылдарындағы майдангерлердің ерлігін насихаттап, елге, жерге, отанға деген махаббаттарын сезіндіру қажет екендігін жеткізді.
Бақытбек Бауыржанұлы: «Отанды қорғау нағыз ердің міндеті. Біз сонау ата-баба ар-намысын сақтаған, жерін ерлікпен қорған, бабалардың аманатын бізге жеткізіп берген рухты батырлардың жерінде отырмыз. Біз қазақ халқы Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін сезінуіміз үшін Бауыржан Момышұлы, Қосы батыр Сәмбетұлы, Ағаділ Сухамбаев, Рахымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағулова мен Мәншүк Мәмбетова атты батырларымыздың ер мінезді қыздарымыз өз өмірлерін соғыс майданына арнады. Олардың ерліктері кейінгі жас буынға күш-қайрат береді деген сеніміміз мол. Біз осы Тәуелсіздіктің қадіріне жетуіміз үшін бұрынғы тарихты білуіміз қажет», - деді.
Шара аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Жетпіс Кенбайұлының ұрпақтары үздік оқып жатқан, талай жарыстарда өз білімдерін көрсете білген озат мектеп оқушыларына грант ұсынды.