#Шу: «Төле би» мешітінде 5 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетілді

#Шу: «Төле би» мешітінде 5 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының бастамасымен ауыл тұрғындарына арналған қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж 5 отбасыға азық-түлік пакеттері табысталды. Мешіттің азаншысы Ибрагим Жалалиев қайырымдылық көмегін үлестіріп, әр шаңыраққа имамның сәлемін жеткізді.

Ауыл тұрғындары бұл қолдауға шын жүректен алғыс айтып, мешіт ұжымына ақ тілектерін білдірді. Мешіт жамағатының ұйымшылдығы, осындай игі істер — қоғамдағы мейірімділік пен өзара қолдаудың жарқын үлгісі.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: