БАЙЗАҚ: ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ

БАЙЗАҚ: ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Байзақ аудандық әйел-қыздар секторының меңгерушісі Жанат Әмірханқызының ұйымдастыруымен «Қызға қырық үйден тыйым» атты шара өтті. Шараға аудандық мешіт жанынан құрылған әжелер алқасының мүшелері Нұрымбетова Ұшыға апа «Қыздардың әдебі», Смағұлова Қарлығаш апа «Қыз баланың тәрбиесі», Жолдасова Шаригүл апа «Қызға қырық үйден тыйым» атты тақырыптарда мешітке жиналған жас аналар мен шәкірттерге насихат  айтты.

Жанат Әмірханқызы «Мұсылман әйелдің келбеті» жайында: «Алла Тағаланың көркем  жаратылыстарының ішінде  тәні нәзік, жаны сұлу болған жаратылыс ол – әйел. Оның күштілігі – оның  әлсіздігінде. Әйел неғұрлым нәзік болса, оның бейнесі соғұрлым көркемдене түседі. Әйел – ерлерге қарағанда  әлсіз, мейірімді әрі сабырлы келеді. Олардың жаратылысындағы ерекшелікті Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былайша сипаттады: «Әйелдердің еркектерден артықшылығы олардың сезімтал жаратылуында.  Дегенмен, Алла оларды ұялшақ қылап жаратқан»,-деді.

Әйел сабырының сыналатын жері  бұл – бала тәрбиесі. Бала нәрестелік шағында көп жылап, көп мазасызданады. Міне, осы сәттердегі ана жанының төзімділігін  сөз етіп, жеткізу мүмкін емес.  Ол түндерді ұйқысыз өткізіп, таңды ояу атырса да, біреуге налып, біреуден көмек сұрамайды. Мұның бәрін өзінің мойнындағы «аналық»  борышы деп біледі», - деп тұщымды насихат айтты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: