Тоғай ауылы Сүйінбай көшесінің тұрғындары ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті. Көше тұрғындары бірлесіп 150 000 теңге қаражат жинап, тасаттық үшін бір қой сойды.
Шара аясында құрбандыққа қой шалынып, жиналған жұртшылыққа арнайы ас берілді. Игі шараға «Тоғай» мешітінің имамы Жанат Сагитов арнайы келіп, уағыз айтып, дұға жасады. Жамағатқа рухани насихат айтылып, елдің амандығы мен жұрт тыныштығы тілектесті.
Шара соңында ауыл ақсақалдары баталарын беріп, игі істің жалғасын табуына тілектестік білдірді. Бұл бастама — ел ішіндегі ынтымақ пен имандылықтың нақты көрінісі болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.